©
Форт-Шевченко қаласының тұрғыны З7 жастағы Қайыржан Қызылғұлов Сайынұлын іздеу жалғасуда. Осыдан он күндей бұрын 20 қараша күні Аташ поселкесіндегі «Теңізсервис» мекемесіне жақын орналасқан жағалаудағы күзет жұмысына түнгі ауысымға кеткен Қайыржанды соңғы рет сол күні кешке көреді. Түнгі ауысымнан шығар уақыттан іздеу салынған Қайыржан бүгінге дейін еш хабарсыз. Түпқараған аудандық ІІБ-не хабарласқанымызда іздеу жұмыстары жүріп, кинолгтар да іске қосылғанын айтқан болатын. Алайда, бұл іздеу бойынша да еш нәтиже жоқ. Ауданда еріктілер де жұмылдырылып іздеу жүріп жатыр.
— Бар күшімізбен іздеудеміз. Мүмкін біреу ұстап отырған болар. Біз әлі де табылатынына үміттіміз. Аташ елдімекенін дұрыстап әлі де қарауымыз керек. Егер біреу ұстап отырған болса немесе Қайыржанның қайда екенін білетін адамдар болса, біз 1 млн.теңге сыйақы беріп, ешкімге тіс жармауға уәде береміз, — дейді немере апасы Қызылғұлова Сара.
Үш баланың әкесі, отбасының асыраушысы Қызылғұлов Қайыржан Сайынұлының қайда екенін немесе ол туралы бір ақпарт білетін адамдар болса, жасырын түрде болса да ақпарт беруіңізді сұрайды. Хабарласушы адамның қауіпсіздігі мен ол туралы ешқанадай мәліметті құзыретті орындарға бермейтіндігіне туыстары кепілдік беретіндіктерін жеткізді.
8 702 489 99 77 нөміріне хабарласу сұралады.