©
Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг университеті мұнайлы өлкеміздегі бірден-бір жоғарғы оқу орындарының бірі. Тәуелсіз Қазақстанымыздың 25 жылдығына орай, университетімізде көптеген шаралар жасалып жатыр.
Ол шараларды өткізуде студенттердің еңбегі өте зор. Білімді ұрпақ- ұлт болашағы деген ұстанымға сүйене отырып, жастарға сапалы білім беру негізгі мақсатымыз. Сондай студенттеріміздің бірі мұнайгаз ісі мамандығының 4 курс студенті Балғазиев Еркін және 1 курс магистранты Нұр Наурызбай. Осы студенттердің бастамасымен университет жанынан Мұнай және газ факультетінде «Мұнайшы инженерлер қоғамының» (ағылш. Society of Petroleum Engineers, SPE) студенттік секциясы жұмыс жасайды.
Ұйымның мақсаты: SPE студенттерімізге таңдап отырған мамандықтары бойынша кəсіби бағыт-бағдар бере отырып, олардың еңбек нарығында бəсекеге деген қабілетілігі мен біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік береді. SPE студенттерге өздерінің болашақ мамандығы бойынша қызықтыратын сұрақтары мен мəселелерін əлемдік деңгейдегі мамандармен байланысып, өзара қарым - қатынаста ақпарат алмасуға, əрі өз мүмкіндіктері мен кəсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік алады.
SPE студенттік секциясының ұйымдастыруымен Шухрат Маметов (Maersk Oil) Дмитрий Абдразаков (Schlumberger) Михаэль Лехнер (OMV Petrom) қатысуымен дәрістер өткізілді. Сонымен қатар Балғазиев Еркіннің жетекшілігімен SPE аясында ағылшын клубы ашылды. Осы жылы Балғазиев Еркіннің бастамасымен Schlumberger компаниясының курстары ұйымдастырылды. Бұл курстар жас мамандарға университетте үш тілді бағдарламаның жүзеге асуына көп көмегін тигізеді. Болашағымыз жастардың қолында сондықтан, осындай белсенді де білімді студенттеріміз көбейе берсін.
Сәлима ЧЕРКЕШОВА «Мұнайгаз ісі және Геология» кафедрасының аға оқытушысы