«Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарлығына Оңдабаев Қалнияз Оңдабайұлының орнына Сахипов Қалиолла Аяшұлы тағайындалды. Ал, Қалнияз Оңдабайұлы «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасарлығына ауысты.
Сахипов Қалиолла Аяшұлы 1980-1985 жылдары Гурьев ауылшаруашылық техникумын техник-механик мамандығы бойынша, 1986-1991 жылдары Гурьев педагогикалық институтын математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқып, 2005-2008 жылдары Қазақ қатынас жолдары университетін «Темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Темір жолдың әр саласында 30 жылдай еңбек еткен азамат саяси-әлеуметтік жұмыстарға белсенді атсалысқан. Елбасының Алғыс хатымен марапатталған. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалы ғимаратында өткен жиын барысында мәлім болды. Жиынға аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Нұрлан Тәжібаев қатысып, аудандық бастауыш партия ұйымы төрағаларына жаңа қызметке, Қалнияз Оңдабаевтың орнына 31 қазаннан бастап келген Қалиолла Сахиповты таныстырды және Қалнияз Оңдабаевқа аудандағы жұмыстары үшін алғысын айтты.
Айта кетейік, Қалиолла Сахипов алғашқы жұмыс күнін жас кәсіпкер Майра Тәжібаеваға партиялық билет табыстаудан бастады.
Әсел ТАҢАТАРОВА