6 қараша күні жексенбіде Маңғыстаудың тамаша табиғатында ұзын-сонар көш жүріп өтті. Олар «AktauOffRoadClub» клубының көліктері екен.
Алғашқыда көліктер керуені 15-20 машинадан тұрады деп есептелген. Ал іс жүзінде 85 автокөлік керуенге бастаған. Бұған 300-дан аса адам ерікті түрде жиналған. Ал Маңғыстаудың туризмге бай аймақтарын көру үшін кез келген адам бұл шеруге қатыса алады деп хабарланған. Бір күн ішінде Ақтаудың көлікке қызығушы тұрғындары Шерқала, Торыш шар аңғары сияқты киелі жерлерге көліктерімен барған. Далалы аймақта көлік жолы болмағандықтан, қиын да күрделі жолдармен өтуге тура келген. Ал жүргізушілер мұндай жағдайда бір-біріне көмектесіп отырды.
Айгүл ДӘДЕН Видеолар aktau_off_road_club инстаграм парақшасынан алынды
https://youtu.be/mmdy1XftwK0 https://youtu.be/gH2nrM6eIyQ