©
Форт-Шевченконың 170 жылдық мерейтойына орай, Баутин шығанағында кемелер шеруі өтті. Тарихи қаланың мерейтойы 14-15 қазан аралығына жоспарланған. Ал кемелер шеруі 14 қазанда сағат 18:30 шамасында басталды.
Кемелер шеруінде 9 кеме көрермендерге ерекше мүмкіндіктерін көрсетті. 3 əскери - теңіз флотының кемесі рейдте тұрған азаматтық кемелердің жанынан өтіп барып, бір айналып шықты. Кемелер өрт сөндіру жүйесін қосып, жан-жаққа су шашыратты.
Анықтама үшін: Баутин порты 1887 жылы құрылған. Қазір бұл порт - Ақтау теңіз сауда портының бөлімшесі. Бүгінде Баутин портында шамамен 200-дей кеме бар.
Айгүл ДӘДЕН Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН