Кезінде Тілеумұрат Қожабеков: «...Маңғыстауға келе қалсаң егерде, Шевченко деген Фортқа бар!» деп жырлаған екен. Ақкетік - Форт-Шевченко атауымен картада орын алатын шағын, әрі тарихи қала.
Іргесін 1846 жылы бекіністен бастаған Форт-Шевченконың Түпқараған ауданындағы бұйықты жерде орналасуы талай туристерді қызықтырып келеді. Бүгінде алты мыңдай түрғыны бар шағын қала тек Қазақстанға ғана емес, әлемге танымал болып отыр.
Тарихи қаланың 170 жылдық мерейтойын тойлау үшін арнайы бағдарлама бекітілді. Қазаққа ортақ той 14-15 қазан күндері өтеді.
14 қазан күні Тамара АСАР, Кәмшат Жолдыбаева сынды жерлес әншілер ән шашуын шашса, 15 қазан күні «ЗАМАН» тобы, Әйгерім Қалаубаева, Бейбіт Кошкалиев, Серік Ибрагимов сынды елімізге танымал өнер жұлдыздары мерекелік гала-концертте өнер көрсетеді деп күтілуде. Соныммен қатар, мерекелі бағдарламада «Кемелер шеруі», «Аламан бәйге», Облыстық ақындар мүшайрасы, күйшілер және суретшілер байқауы ұйымдастырылады.
Форт-Шевченко қаласының 170 жылдығына арналған мерекелік шаралардың
БАҒДАРЛАМАСЫ
14 қазан 2016 жыл
( жұма)
Сағат 11.00-12.00 Жаңа атау берілген көшелерді ашу рәсімі («Жаңа Кетік» шағын ауданы ) Сағат 15.00- 19.00 ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Форт- Шевченко қаласының 170 жылдығына орай Маңғыстау облысы ақындар мүшәйрасы, күйшілер және суретшілер байқауы ( Аудандық мәдениет үйі) Сағат 17.00- 18.00 Ошақ бәйге («Ат жарыс» алаңы) Сағат 20.00-21.00 Кемелер шеруі. (Баутин айлағы)15 қазан 2016 жыл
( сенбі)
Сағат 09.30- 11.00 Аламан бәйге («Ат жарыс» алаңы) Сағат 11.00-12.00 Форт-Шевченко қаласының 170 жылдығына арналған салтанатты жиын ( аудандық мәдениет үйі) Көпшілік мәдени –спорттық шаралар ( Орталық алаң) Сағат 12.00- 14.00 Мерекелік ас (Орталық алаң . Киіз үйлер.) Сағат 14.30- 15.00 «Дарын» ҚБО 60 орындық жатақханасының ашылу салтанаты ( Форт-Шевченко қаласы. «Дарын» ҚБО) Сағат 15.00-15.30 «Мұрын Жырау» мұражайының жаңа жобасының тұсаукесері ( «Мұрын Жырау» мұражайы) Сағат 19.00- 21.00 Мерекелік гала -концерт. Отшашу (Орталық алаң)