Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ мен «Русатом Халықаралық жүйесі» арнайы келісімге қол қойып, «Росатом» атом энергиясы бойынша мемлекеттік корпорациясы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің серіктесі атанды.
«Русатом Халықаралық жүйесі» «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін әлемнің 40 елдерінде өткізілетін көрме, конференцияларда биылғы жылдың көлемінде және 2017 жылдың І тоқсанында ілгерілететін боламыз», - деді меморандумға қол қою барысында «Росатом Орталық Азия» ЖШС бас директоры В.Драгунов.
Өз кезегінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында «Росатом» мемлекеттік корпорациясын серіктесі ретінде көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Айта кету керек, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.
* * *
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мақсатында 2013 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйымдар, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр.
Қосымша ақпарат үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байаныс департаментіне хабарласыңыз.: тел.: +7(7172) 938765, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com