©
28 қыркүйек күні ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Форт – Шевченко қаласының 170 жылдығына арналған «Ақкетігім – арқауы ән - жырымның» атты мемлекеттік қызметкерлер арасындағы байқау өтті. Қызылөзен ауылының мәдениет үйінде ұйымдастырылған шараға ауданға қарасты елді-мекендердің мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
-Қазылар алқасының шешімімен І орынды Баутин әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы Жұмазия Айтова, ІІ орынды Форт- Шевченко қаласы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі бас маманы Жанар Нұрбаева, ІІІ орынды Қызылөзен ауылы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі бас маманы Анар Түйешиева иеленді. Сайысқа қатысушылар Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды, -дейді Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Шолпан Нұрғалиева.
Милана ЕЛЕУСІНОВА