Халықаралық Олимпиада күні аясында белгілі спортшылар Айбек Имашев пен Әділбек Ниязымбетов Каспий теңізінің жағасында жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізді.
Дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңінің күміс жүлдегері, Еуропа кубогының жеңімпазы Айбек Имашев пен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов тәжірибесімен бөлісіп, дзюдо мен бокс бойынша әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Бүгін Ақтауда теңіз жағалауында Олимпиада күнін атап өтіп жатырмыз. Мерекеге орай жас спортшыларға шеберлік сағатын өткізуді шешкен едік. Осы жас спортшылардың арасынан болашақ Олимпиада чемпионы шығады деген үміттеміз, - деді дзюдодан ҚР жастар құрамасының аға бапкері Айбек Имашев.
Маңғыстау облыстық спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев спортшыларды Олимпиада күнімен құттықтап, шеберлік сағатына қатысқандарға алғыс хатын табыстады.