Білім және ғылым министрлігінің келісімімен Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының бұйрығымен Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы лауазымына Турғанбаева Бағдат Сырымқызы тағайындалды.
Ол 1977 жылы 18 қыркүйекте Маңғыстау облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары, Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Ақтау қалалық № 12 орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2010-2013 жылдары Ақтау қалалық № 12 орта мектептің директорының орынбасары.
2013-2017 жылдары Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының әдіскері.
2017-2019 жылдары Ақтау қалалық білімі бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі секторының бас маманы.
2019 жылы Ақтау қалалық білімі бөлімінің жалпы білім және мемлекеттік қызмет көрсету секторының меңгерушісі.
2020 жылы Ақтау қаласы бойынша білімі бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі секторының меңгерушісі қызметін атқарған.
2021 жылдың сәуір айынан бастап Ақтау қаласы бойынша білімі бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарды.