Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз брифингінде айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Жыл соңында көшеде қызмет көрсететін патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың формасын ауыстырамыз. Көшеде қызмет етуге өте ыңғайлы форма болады. Мұндағы жаңа элемент – кроссовка, бәтеңкелер түріндегі аяқ киім енгізіледі, бұл полицейлер үшін өте қажет, себебі олар – жаяу патрульдер, халықпен тікелей жұмыс істейтін жедел қызметшілер», - деді Ерлан Тұрғымбаев брифингте.
Жаңа формада түнгі уақытта көзге шағылысатын элементтер де қарастырылған. Министрдің айтуынша, алдағы екі жылда барлық полицейді жаңа формаға ауыстыру жоспарланып отыр.