Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аққу Айтжан мәлім етті.
Оның айтуынша, Ақтау халықаралық әуежайының жобаға қосылғанына 1 апта болды. Осы күнге дейін жалпы 11 307 сканерлеу жүргізілді. Нәтижесінде 2 қызыл және 3 сары статус анықталды.
«12 маусым күні келушілерді QR-код бойынша тіркемеген жобаның 43 қатысушысы «ASHYQ» жобасынан 2 аптаға шеттетіледі. Ал 20 дан төмен QR-код тіркеген 93 кәсіпкерлік нысанға ескертпе жұмыстары жүргізіледі», - деді Аққу Айтжан.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап «Ashyq» жобасына «Маңғышлақ» теміржол вокзалын тіркеу жоспарланып отыр.
Маңғыстау облысында 316 кәсіпорын «Аshyq» жобасы бойынша жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде 301 нысан ресми түрде жобаға енді, ал 15 нысан тесттік режимде қызмет атқарып жатыр.