1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің МО бойынша департаменті және Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті бірлесіп қайырымдылық шара ұйымдастырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жиынға аумақтық департамент басшысы Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов және Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің басқарма басшысы Жансая Исмагулова, сонымен бірге аумақтық департамент қызметкерлері мен университет оқытушылары қатысты.
Тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік және балалар ойыншықтарын табыс еткен қайырымдылық шара ұйымдастырушыларына жанұя мүшелері ризашылықтарын білдіріп, ал күтпеген жерден мерекеге орай тосын сыйлықтарға ие болған жас балалардың қуаныштарында шек болған жоқ.
Жалпы аумақтық департамент тарапынан мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің бойында мейірімділік, жанашырлық қасиеттерін дарыту мақсатында, тұрмысы төмен жанұяларға, ерекше қажеттіліктері бар балаларға, арнаулы әлеуметтік орталықтағы көнекөз қарияларға азық-түлікпен жәрдем беру, донорлық қан тапсыру сияқты осындай қайырымдылық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады.