©
Бейнеу ауданына қарасты Төлеп ауылының тұрғыны нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 10 жылқы сатып алған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ұрпағын еңбекке баулып ата кәсіпті жалғастыруды мақсат еткен отбасы кәсібінің нәсібін көріп отыр.
«Жыл басында мемлекет тарапынан ұсынылған бағдарламалардың бар екенін естідім. Сөйтіп мал шаруашылығын дамыту үшін 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 4 пайыздық несиеге 10 жылқы алдым. Жолдасым теміржол саласында қызмет етеді. Мектеп жасындағы 6 ұлым бар. Олар қолдары бос уақытта жылқыларды суарып, жем-шөптерін беріп, баптайды. Қазір жылқының саны 17-ге жетті», - дейді Тойгүл Аманқосқызы.
Мал шаруашылығын қолға алған отбасы алдағы уақытта жылқының табиғи өнімдерін ауыл тұрғындарына ұсынуды жоспарлап отыр.