Маңғыстауда 14 мамырдан бастап әр аптаның жұма, сенбі күндері бір ай көлемінде “Түнгі патруль” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Мақсаты – облыс жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалауды қамтамасыз ету, соның ішінде жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзатын жүргізушілерді анықтау және ескерту, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу.
28-29 мамыр аралығында өткен кезекті рейдтік іс-шара барысында барлығы облыс бойынша 293 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 23 автокөлік айыптұраққа жабылды.
Рейдтік іс-шара кезінде ішкілікті масаң күйде көлік басқарған тоғыз жүргізуші, автокөлікті жалған мемлекеттік белгімен басқарған үш жүргізуші анықталды. Бағдаршамның тыйым салынған түсінен өткен 23 жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, төрт жүргізушінің құжатсыз жүргені анықталды.
«Апта сайын жергілікті телеарна журналистерімен қала жолдарында түнгі мезгілде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады. Жолдардағы қауіпсіздік – полицейлердің басты назарында» — деп атап өтті Маңғыстау облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.