Әбіш Кекілбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде облыстық «Көктем бояулары» суретшілер фестивалі өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Фестиваль Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы ұйымдастырылды.
Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Пания Сармурзина қатысушыларды құттықтап, көрме жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады. Фестиваль жұмысын қазылар алқасының мүшесі, «Марта» арт-галереясының негізін салушы Марта Куталиева қорытындылады. Көрмеде қойылған туындыларды бір ай бойы тамашалауға болады.
Суреттерді түсірген Талант Құсайын