«Соңғы қоңырау» салтанатты жиынынан шыққан Бейнеу ауданының Ж.Қалдығараев және Ы.Алтынсарин мектебінің оқушылары өзара төбелескен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бейнеу аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Аманбек Шалбаевтың ақпаратына сүйенсек, оқушылардың көше ортасында бұзақылық 4-5 минутқа созылған. Медициналық көмекке жүгінген адам және арызданушы жоқ. Жаппай тәртіпсіздікке 40 шақты бала қатысқан. Төбелесті ұйымдастырған 7 адам ұсталып, қазір полиция бөлімінде тергеу жүріп жатыр. Осы факті 293 баптың (Бұзақылық) 1-бөлігімен Бейнеу аудандық полиция бөлімінде тіркелген.
ҚР Қылмыстық Кодексi1. Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу –
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Махаббат Нұржанқызы