8 наурыз күні облыс бойынша барлығы 49 сәби дүниеге келді, оның ішінде - 26 қыз және 23 ұл, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, "Ана мен бала" перинаталдық орталығында 14 сәби дүниеге келді: 5 ұл және 9 қыз.
Осы күні өмірге келген ең кішкентай баланың салмағы 950 грамм, ал ең үлкені 4 370 грамм болды. Дәрігерлердің айтуынша, балалар мен аналардың жағдайы жақсы.