Ақтау гарнизоны Әскери полиция бөлімінің анықтау және іздестіру бөлімшесінің және 29011 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен «Тоқта және сөйлес» акциясы аясында ҚР ҰҚҚ-нің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкері семинар өткізді.
Дөңгелек үстел барысында Ақтау гарнизоны Әскери полициясы бөлімі бастығының орынбасары (заң мәселелері жөніндегі) анықтау және іздестіру бөлімшесінің бастығы әділет майоры Талғат Мусин әскери саладағы құқықбұзушылықтарға тоқталып өтті.
ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі капитан Азамат Баккараев «Әскери ортада теріс діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында жиын өткізді. Шарада әскери ортаға теріс діни ағымдардың әсері де айтылып, діни экстремизм мен терроризм туралы толықтай жан-жақты түсіндірілді. Жиынға қатысушылар туындаған сұрақтарын, қойып тұшымды жауап алды.
Сонымен қатар, жеке құрамға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұсынған бейнероликтер көрсетілді.