Жақында облыста газ бағасы қымбаттағанын жазған болатынбыз. Халық сұйытылған газ бағасының күн санап өсіп жатқанына наразы, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ал бүгін қоғам белсендісі Қуаныш Жұмашев фейсбук парақшасында "Біз жеке кәсіпкерлерден газдың бағасын түсіруді талап етеміз!", деген жазбасын жариялады.
1. Жаңаөзен қаласындағы «ҚазақГазӨңдеуЗауыты» ЖШС 1 литр газды 25,5 теңгеден сатады. Зауытта 1 мың адам жұмыс жасайды.
2. Делдал мекемелер зауыттан шыққан 1 литр газды 25,5 теңгеге сатып алып, үстіне 3,5 теңге қосып, жеке кәсіпкерлерге 29 теңгеге сатады.
3. Ал газ сататын жеке кәсіпкерлер, 1литр газды 29 теңгеден сатып алып, үстіне үстіне 31-39 теңге қосып, халыққа 60-70 теңгеге сатады.
Талап етеміз!
Қымбатшылықтың зардабын Маңғыстаудың 700 мың халқы көруде.
Газ қымбаттаса қоғамдық көліктер, азық-түлік қымбаттайды.
Біз газ сататын кәсіпкерлерден газдың бағасын түсіруді талап етеміз!
Тауарға 100 % қосып сату масқара!
Жеке кәсіпкер 1 литр газды 29 теңгеден алса, газдың бағасын 45 теңгеден асырмасын!
Жеке кәсіпкер 1 литр газды 40 теңгеден алса, газдың бағасын 60 теңгеден көтермесін!
150 жеке кәсіпкердің көңіліне қарап, 700 мың халық зардап шекпесін!, делінген жазбада.
Айта кетейік, жақында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов газ бағасының көтерілуіне байланысты пікір білдірген болатын.