Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының өкімімен Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығының басшысы болып Әсел Ауданбаева тағайындалды.
Әсел Ауданбаева 1990 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология, әлем тілдері және әдебиеттану факультетінің түлегі.
2012 жылы алғашқы еңбек жолын «Қазақстан РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында жаңалықтар қызметінің редакторы болып бастаған.
2014 жылы журналистік жұмысын «Хабар Агенттігі» АҚ, «24 kz» арнасының Астана қаласындағы жаңалықтар бөлімінде жалғастырды.
2019 жылы «КТК» арнасының Нұр-Сұлтан қаласындағы бюроның тілшісі болды.
2019 жылы «Астана» телеарнасының баспасөз хатшысы ретінде тәжірибе жинақтады.
2020 жылы «Нұр Медиа» холдингі, «Азаттық руһы» ақпараттық агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы меншікті тілшісі болды.
2020 жылдың шілдесінен бүгінге дейін Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығы директорының орынбасары қызметін атқарды.