Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі Ақтау қаласының 40 астам қолөнершілерімен және шеберлерімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Меморандумның басты мақсаты - көрме жәрмеңкелерін өткізу, жергілікті қолөнершілерді қолдау, сондай-ақ Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарын өнер және қолөнер тақырыбына аудару.
Мемлекеттік мерекелер алдында жәрмеңкелердің өткізілуі жоспарға қойылған. Бірінші жәрмеңке 5-6 наурыз күні сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін 4 ш/а "Абай атындағы МБК" ғимаратында өтеді. Сонымен қатар, Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі аталған шараға қатысуға ниет білдіретін жаңа қолөнершілермен кездесіп, алдағы уақытта жәрменкеге қатысу мәселесін талқылауға дайын екендігін хабарлайды, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Аталған шаралар барысында санитарлық нормалар қатаң қадағаланатын болады.