Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов фейсбук парақшасында жазды.
"Сұйытылған мұнай газды (қысқаша - СМГ) мемлекеттік реттеу мәселелеріне қатысты сіздермен бөлісу. Оқырманға жеңіл және түсінікті болу үшін ойымды бірнеше бөліктерге бөліп жаздым. Ал кеттік.
1. Осы жылдың соңына дейін электронды сауда алаңдары (қысқаша-ЭСА) арқылы жеткізілетін СМГ үлесі ай сайын өсетін болады. Тіпті қазірдің өзінде кезең-кезеңмен арттырудың бекітілген арнайы кестесі бар. Ол осы жылдың сәуір айынан бастап және одан әрі ай сайын 5 пайызға ұлғайып, келесі жылдың қаңтарында 100% - ға дейін жеткізілетін болады.
Толық түсіну үшін еске сала кетсек, 2019 жылдың акпан айынан бастап СМГ электронды сауда алаңдары арқылы сатыла бастап, 2020 жылдын қараша айында 25% – ға жетті. Осы жылдын сәуір айында – 35%, маусымда-40% , шілдеде - 45% болса, желтоқсан айында 75% жетеді.
Ал, 2022 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап барлық Республика бойынша СМГ 100% электронды сауда алаңдары арқылы сатылатын болады.
Айтпақшы, мен 03.12.2020 жылы жазған постымның 4-тармақшасында 2019 жылдың ақпан айынан бастап, көгілдір отынды сатудың "тарихын" толық баяндаған болатынмын. Сондықтан "ЭСА" не екенін барлық оқырмандар кем дегенде 2 жылдан бері жақсы біледі деп ойлаймын. (Егер ұмытып қалсаңыз көз жүгіртуге болады).
Ал көрші облыстардың сұйытылған мұнай газға сұранысы Батыс Қазақстан облысында – жобамен 4000 тонна, Атырау облысы 6000 тоннаны, Ақтөбе облысында – 13000 тонна құраса, біздің облысқа СМГ-ның 1- айға қажеттілігі шамамен 19 мың тонна құрап "көшбасшы" болып тұр.
Бізге СМГ-ды "ҚазақГазӨндіруЗауыты" ЖШС (Жаңаөзен қаласында орналасқан) өнімі 14000тонна болғандықтан, қалған жетпейтін СМГ географиялық жақындығын ескере отырып "АтырауМұнайӨңдеуЗауыты" АҚ-ны (Атырау қ.) тасылуы тиіс.
Бүгінде "ҚазГӨЗ" ай сайынғы өнімінің 25% - ы яғни 3500 тоннасы ЭСА арқылы сатылса, ал 75% немесе 11500 мың тонна жоспарлы жеткізілімдерге сәйкес газ желісі ұйымдары арқылы кәсіпкерлермен сатылады.
ЭСА арқылы өткізу үлесіне толығырақ тоқталсам.
"ҚазГӨЗ" зауыты өз өнімін электрондық сауда алаңында сату үшін, «Еуразиялық Сауда жүйесі тауарлық биржасы» АҚ және «IT TECH PARK» ЖШС (Alan –Trade) мекемелерімен келісі¬м-шартқа отырған. Олар ай сайын электрондық сауда алаңы арқылы, өнімнің 25% яғни 3500 тоннасын екіге бөліп, 5-күн бойы 350 тоннадан күніне 700 тоннаны төмендегі тәртіппен сатады.
1-Сессия (Бірінші сату күні) 1- тоннаның бағасы 47680теңге, кәсіпкерге 1-литр газ бағасы 28 теңгеге шығады.
2-Сессия (Екінші сату күні) 1- тоннаның бағасы 54448теңге, кәсіпкерге 1-литр газ бағасы 32 теңгеге шығады.
3-Сессия (Үшінші сату күні) 1- тоннаның бағасы 57693теңге, кәсіпкерге 1-литр газ бағасы 33,9 теңгеге шығады.
4-Сессия (Төртінші сату күні) 1- тоннаның бағасы 63462теңге, кәсіпкерге 1-литр газ бағасы 37,3 теңгеге шығады.
5-Сессия (Бесінші сату күні) 1- тоннаның бағасы 69808теңге, кәсіпкерге 1-литр газ бағасы 41 теңгеге шығады.
Айта кететін жағдай осы сатылған өнімнен түсетін қаржы, толықтай зауытқа түседі.
КазГӨЗ туралы бірер сөз: Бұл зауыт 1973 жылы салынған. Техникалық тозуы 70-80 пайыз. Құрылыс жүргізілген сәттен бастап зауытқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген тек ағымдағы жөндеуі ғана жасалған. Кәсіпорын өкілінің айтуынша, зауыт өзін-өзі толық қамтамасыз етуі үшін СМГ тоннасын 70.000 теңгеден сату қажет.
ЭСА-ға кезең-кезеңмен өту процесіне тоқталсақ:
ҚазақГазӨңдеу зауыты бойынша, 2021 жылдың сәуірінде 35 % - 4900 тонна, мамыр – 40 % (бұл 5600 тонна), маусым – 45 % (6300 тонна), шілде - 50 % (7000 тонна), тамыз - 55 % (7700 тонна), қыркүйек - 60 % (8400 тонна), қазан - 65 % (9100 тонна), қараша - 70 % (9800 тонна), желтоқсан 75 % (10500), қаңтар 2022 жылына – 100 % (14000 тонна).
Атырау МӨЗ-ң өндірістік қуаты айына 25000 тоннаға жуық. Бірақ біздің өңірге қосымша сұралатын 4000 тоннаға қатысты айтар болсақ, Наурыз 25% - 1000 тонна, сәуір – 35% (1400 тонна), мамыр – 40% (1600 тонна), маусым – 45% (1800 тонна), шілде – 50% (2000 тонна), тамыз – 55% (2200 тонна), қыркүйек – 60% (2400 тонна), қазан – 65% (2600 тонна), қараша – 70% (2800 тонна), желтоқсан – 75% (3000 тонна), қаңта р 2022 – 100% (4000 тонна).
2. СМГ-дың біздің аймақтағы АГҚС және газ желісі ұйымдары жеке меншік иелері арасында бөлу мәселелері әлі де өзекті болып отыр. Бұл кәсіпкер үшін өзіндік құнмен байланысты.
ҚазГӨЗ өндіретін СМГ-дың 1 тоннасының бағасы 43345 теңгені құрайды.
ҚазГӨЗ СМГ-ды газ желісі ұйымдары (ГЖҰ) арқылы сатады. Ал олар қазірдің өзінде АГҚС жеке иелеріне және өздерінің желілік жанар-жағар май құю станциялары арқылы сатыққа шығарып отыр. Жеке кәсіпкерлер бөлінген газдың әрбір тоннасына қызметі үшін 6500 теңге мөлшерінде өзара жасалған шарттар негізінде қаржы төлейді. Сайып келгенде, жеке меншік иесіне 1 тонна газ 50.000 теңге келеді.
Газдың тығыздығы (0,58 кг/1л) 1 тонна СМГ орташа есеппен 1700 литрді құрайды. 1 литрдің құны кәсіпкер үшін 29 теңге тұрады. Бірақ газ құю станцияларында бөлшек бағамен 55-60 тг сатқанның өзінде үстінен маржа қалатыны көрініп тұр. Бірақтан кәсіпкердің – салығы, коммуналдық төлемдері, пайдалану шығындары, ЕТҚ (қызметкерлерге) есептемеген жағдайда.
2018 жылы әрбір кәсіпкер - АГҚС аумақтық орналасуына байланысты, ай сайынғы тиесілі лимит келесі көлемде болды:
- Ақтау қ. - 80 тонна қаңтардан бастап желтоқсанға қарай лимит 70 тоннаға дейін төмендеді;
- Жаңаөзен қаласы жыл бойы ай сайын 50 тонна өзгеріссіз;
- Бейнеу ауданы жыл бойы ай сайын 90 тоннадан өзгеріссіз;
- Қарақия ауданы жыл бойы ай сайын 37 тонна өзгеріссіз;
- Мұнайлы ауданы- қаңтар айынан бастап 35 тонна, ал желтоқсанға қарай лимит 30 тоннаға дейін төмендеді;
- Маңғыстау ауданы – қаңтар айында 27 тоннадан, ал желтоқсан айында лимит 30 тоннаға жетті;
- Түпқараған ауданы-қаңтар айында 27 тоннадан бастап, желтоқсанға қарай 30 тоннадан ала бастады.
Бұл жағдай 2019 жылы жаңа АГҚС-тың күрт өсуіне байланысты өзгере бастады:
- Ақтау қаласы қаңтарда -70 тонна, желтоқсанда-56 тонна;
- Жаңаөзен қаласы- қаңтар-50 тонна, желтоқсан-37 тонна;
- Бейнеу ауданы- қаңтар-90 тонна, желтоқсан-74 тонна;
- Қарақия ауданы- қаңтарда-37 тонна, желтоқсанда-30 тонна;
- Мұнайлы ауданы- қаңтарда-32 тонна, желтоқсанда-26 тонна;
- Маңғыстау ауданы- қаңтарда-30 тонна, желтоқсанда-24 тонна;
- Түпқараған ауданы- қаңтарда-30 тонна, желтоқсанда -25 тонна.
2020 жылы әрбір кәсіпкер үшін лимиттің төмендеу үрдісі сақталды. Мұның себебі бірдей-жаңа газ құю станцияларының пайда болуы
- Ақтау қаласы қаңтар-52 тонна, желтоқсан-36 тонна
- Жаңаөзен қаласы- қаңтар-43 тонна, желтоқсан-38 тонна
- Бейнеу ауданы- қаңтар-70 тонна, желтоқсан-50 тонна
- Қарақия ауданы- қаңтар-30 тонна, желтоқсан-15 тонна
- Мұнайлы ауданы- қаңтар-22 тонна, желтоқсан-8 тонна
- Маңғыстау ауданы- қаңтар-20 тонна, желтоқсан-8 тонна
- Түпқараған ауданы- қаңтар-23 тонна, желтоқсан-4,5 тонна
2021 жыл сол кәсіпкерлер үшін шектеулі көлемдерден басталды:
- Ақтау қаласы қаңтар-35 тонна, ақпан-30 тонна;
- Жаңаөзен қаласы қаңтар-37 тонна, ақпан -32 тонна;
- Бейнеу ауданы қаңтар- 49 тонна, ақпан-44 тонна;
- Қарақия ауданы-қаңтар-15 тонна, Ақпан-15 тонна;
- Мұнайлы ауданы қаңтар-7 тонна, ақпан-3,5 тонна;
- Маңғыстау ауданы қаңтар-7 тонна, ақпан-3,5 тонна
- Түпқараған ауданы қаңтар-4 тонна, ақпан-3,5 тонна
Қараңыз, бұл келтірілген сандар тек жоспарлы жеткізілімдер шеңберінде (өндіруші зауыттардан белгіленген баға бойынша) бөлінгендер. ЭСА шеңберіндегі қосымша көлем бұл жерде ескерілмейді. ЭСА үлесі жыл сайын өсті (2019 жылдың ақпан айында 5% - дан 2021 жылдың ақпан айында 25% - ға дейін), наурыздан бастап ай сайын өседі (жоғарыда жазғанымдай).
Кәсіпкерлер белгіленген бағалар бойынша жоспарлы жеткізілімдер аясында кепілдендірілген көлеммен жұмыс жасаған. Олардың арасында "газ" бизнесін 1999 жылы бастаған кәсіпкерлерде бар.
Ақтаудың кәсіпкерлері 2018 жылы 80 тонна лимитке ие болса, биыл олардың лимиті 30 тоннаға дейін төмендеді. 30 тонна-шамамен 51000 литр. Тіпті 1 л/ 55 тг сатылса да, бөлшек сауданың жиынтық табысы 2 805 000 тг құрайды. Сол 30 тоннаның өзіндік құны (1 тоннасына 50 мың баға кезінде) 1 500 000 теңгені құрайды. Кәсіпкердің – салығы, коммуналдық төлемдері, пайдалану шығындары, ЕТҚ (қызметкерлерге) есептемеген жағдайда.
Өткен жылдары кәсіпкерлердің әкімдік ғимараттарына мезгіл-мезгілмен "келіп", әрқайсысына лимит көлемін ұлғайтуды талап еткен кездерді жақсы білеміз.
Бірақ айтып кеткендей, ҚазГӨЗ өндіретін СМГ көлемі, өңірде жабу үшін жетпеуіне байланысты, 4000 тоннаны Атырау МӨЗ-нен тасымалданады.
Енді математикалық есептеулерді қолдануға тырысайық.
АМӨЗ-ның бір тоннасы 43345 теңгеге болса. Бұдан әрі, зауыт сақтау үшін, "Сұйытылған газды сақтау паркі" ЖШС-гіне (резервуар паркінің көлемі 800 тонна) жібереді. Сақтау және басқа да шығындар (ЕТҚ, қызмет көрсету және т.б.) үшін олар әрбір тоннаға тағы 19345 теңге қосады. Сонда тоннасы 62690 теңге Ақтауға (вагон мөлшері-36 тонна) келгенде тоннасы 92 мың теңгеге шығады.
92 мыңды 1700 литрге бөлгенде, 1 литр газдың өзіндік құны 54 теңгені құрайды. Кәсіпкер пайдада қалу үшін 65 теңгеден кем сатпауы керек. Бірақ төтенше жағдай кезінде - пандемия байланысты бағаны тұрақтандыру мақсатында 03.04.2020 жылы Энергетика министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі арасындағы бірлескен бұйрық қабылданған.
Сондықтан Атыраудан газ тасуға көптеген кәсіпкерлердің құлқысы жоқ. Ал бөлінетін 4000 тоннаның бар болғаны 1,0-1,5 мың тоннасы тасылады. 01.03.2021 жылдан бастап Энергетика министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі арасындағы бірлескен шекті бағаға қатысты бұйрық күшін жояды.
Одан әрі газ бағасы қаншалықты көтерілетінін нақты айту мүмкін емес, бағаның шарықтауы немесе қалыпты болуы бөлшек сатушылардың «тәбетіне» байланысты, мәселені Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жергілікті департаменті бақылау жасау арқылы реттеледі деп ойлаймын.
3. ЭСА-ға сөзсіз толық көшеміз.
2022 жылдың қаңтарынан бастап жергілікті атқарушы орган СМГ-ды бөлу бойынша араласпайды.
Әрине, кәсіпкерлер арасында нарықтық қатынастарға сәйкес, бәсекелестік басқаша дамитын болады.
Кәсіпкерлердің бірігуі, бірінің нысандарын бірі сатып алу. Мүмкін, желілік ұйымдардың ауқымы мен айналымына байланысты бәсекелестік жеңілдеу болуы мүмкін. Бірақ жеке кәсіпкерлердің газ желісі ұйымдарына деген тәуелділігі жойылады, өйткені ЭСА арқылы олар СМГ-ны тікелей сатып алатын болады. Яғни, газ желісі ұйымдарының зауытпен кәсіпкерлер арасындағы "делдалдық" функциясы жоғалады. Бірақтан кейбір кәсіпкерлер нарыққа және бәсекелестікке шыдай алмай, билікті, жергілікті атқарушы органды айыптауды жалғастыра беруі мүмкін.
4. Қазіргі уақытта облыста 303 Авогаз құю бекеті бар. Оның 6-ы газ желісі ұйымдары, 241 жеке кәсіпкерге тиесілі.
Енді оларға тоқталып өтсек: 303 АГҚБ (оларға жоспарлы жеткізу шеңберінде СМГ бөлінеді). Сонымен қатар, тағы 68 АГҚБ өз қызметін бастауға дайын болсада Газ желісі ұйымдарымен келісім-шартттары жоқ. Бірақтан ЭСА-на қатыса алады.
Енді, біздің өңірдегі газ желісі ұйымдарымен АГҚБ- айтып өтсем.
«СК ЛТД» ЖШС - де облыс бойынша 248 АГҚБ бар жеке кәсіпкерлермен, яғни Ақтауда- 47, Жаңаөзенде- 49, Бейнеу ауданында-12, Маңғыстау ауданында-37, Мұнайлы ауданында -77, Түпқараған ауданында-26 жеке кәсіпкерлермен жұмыс жасайды. Сонымен қатар Ақтау қаласында өзінің 2 АГҚБ бар.
Жалпы, бұл газ желісі ұйымы 250 АГҚБ арқылы СМГ сатады.
«ТанаГазКом» ЖШС – 23 АГҚБ арқылы СМГ сатады. Оның 12 – і өз меншігінде (Ақтау қаласы- 6, Жаңаөзен қаласы - 2, Түпқараған ауданы -3), ал қалған 11 АГҚБ бар Қарақия ауданында орналасқан жеке кәсіпкерлермен жұмыс жасайды.
АГҚС қызмет көрсетушілер саны бойынша ең азы «Газцентр» ЖШС. Оның 3 жеке АГҚБ бар. Ақтауда-2, Түпқараған ауданында-1.
«АДМ Газ» ЖШС - 13 май құю станциясы бар. 9 өзінің және 4-і газбен жабдықтайтын жеке меншік иелеріне тиесілі. Жеке меншігіндегі 6- Ақтау қаласында, 3- Мұнайлы ауданында орналасқан. Ал кәсіпкерлердікі Жаңаөзенде, Бейнеу, Маңғыстау және Мұнайлы аудандарында орналасқан.
«Автогаз трейд» ЖШС-нің иелігінде 15 жеке құю станциясы бар. 7 Ақтауда, 3 Жаңаөзенде, 1 Қарақия ауданында, 1 Маңғыстау ауданында, 1 Мұнайлы ауданында және 2 Түпқараған ауданында.
"Ақтау облгаз" ЖШС өз қызметін осы жылдың ақпан айында бастады.
Өңірдегі автогаз құю бекеттерінің жалпы саны:
Ақтау қаласы бойынша-жұмыс істеп тұрған 70 бар. Тағы 9 газ желісі ұйымымен келісім-шарты жоқ. Барлығы 79.
Жаңаөзен қаласы бойынша -55 жұмыс жасап тұр. Газ желісі ұйымымен келісім-шарты жоқ 10- тұр. Жалпы саны 65.
Мұнайлы ауданында – 82 жұмыс жасап тұр және газ желісі ұйымымен келісім-шарты жоқ 18 бар.Барлығы 100 бірлік.
Маңғыстау ауданында-39 жұмыс істейді және газ желісі ұйымымен келісім-шарты жоқ 10 тұр. Жалпы аудан бойынша 49.
Қарақия ауданында-жұмыс істеп тұрған 13 АГҚС және 8 –і қызметке дайын бірақ газ желісі ұйымымен келісім-шарты жоқ. Бүкіл ауданға 21.
Түпқараған ауданында- 31 АГҚБ нысаны бар. 6-ауының газ желісі ұйымымен келісім-шарты жоқ. Барлығы 37.
Бейнеу ауданында жұмыс істеп тұрған 13 және 7 газ желісі ұйымымен келісім-шарты жоқ. Барлығын қосқанда 20.
Барлығын қосқанда 371 жанармай құю станциясы бар. Қайталап айтамын оның тек 303-і жұмыс газ желісі ұйымдары арқылы жұмыс жасап тұр.
5. Біз облысқа СМГ-ның ай сайынғы қажеттілігі шамамен 19.000 тонна екенін айттық. Қазір барлық отын осы субъектілер арасында таратылады. 75% жоспарлы жеткізілімдер арқылы, ал 25% ЭСА арқылы. Жоспарлы жеткізілімдер кезіндегі баға тұрақты ал, ЭСА-да баға өзгермелі және қалыптасқан сұраныс пен ұсынысқа сәйкес әр сауда күніне әр түрлі баға белгіленеді. Енді ЭСА-ға келетін үлес ай сайын 5% - ға артатын болса, онда кейбір субъектілер қиындауы мүмкін.
Осы жерге дейін жеткен оқырман біздің аймақтағы автогаз құю бекеттерінің көп екенін түсінген шығар. Дегенмен СМГ бөлшек сауда нарығында жоғары бәсекелестіктің, бекеттердің тығыз орналасқаны арқылы да байқауға болады.
Мысалы, Ақшұқыр ауылынан Сайын Шапағатов ауылына баратын жолда (Түпқараған ауданы) ұзындығы 17,8 шм бір жол учаскесінде 25 АГҚС орналасқан, оған қоса тағы 6 жаңа АГҚС салынуда. Қолданыстағы 25-тің 9-ы қазіргі уақытта әртүрлі себептермен жабық. Демек, әр 600 метр сайын жол бойында орналасқан.
Тағы бір мысал, Атамекен - Маңғышлақ бағытының 9,6 шм жолында (Мұнайлы ауданында) 31 АГҚС бар. Сонда әр 300 метрге бір бекет. Қазір оның 17- і жұмыс істемейді.
Шетпе-1 автомаршрутында Бөгет ауылына дейін ұзындығы 1,5 шақырым жолда 14 газ құю бекеті орналасқан. Онда әр 100 метр сайын дерлік.
Жаңаөзенде стелладан "БЖБ" - ға дейі, 3 шақырым жерде 23 газ құю бекетін кездестіруге болады, оның 3-і жабық. Сонда әр130 метр сайын орналасқан.
6. Алайда, өткен жылдан бастап біз әрбір кездесуде, ЭСА-на шығарылатын көлемнің өсетіні, сондай-ақ, газбен жүретін көліктер мен АГҚС саны өсіп жатқанымен (біздің өңірде 94112 бірлік автокөлік газбен жүреді), өңірдегі газдың өспейтіні айтылып жатыр.
2020 жылдың қыркүйек айында газбалонмен жабдықталған көліктер саны 93122 болған енді, 5 айда 990 бірлікке көбейіп, барлығы 94112 (оның 89686 жеңіл, жүк көлігі – 2377 және 2049- автобус) құрайды.
7. Мамандардың айтуынша біздің нарық үшін көліктердің үздіксіз жұмыс істеуі үшін дұрыс орналастырылған 120-130 АГҚС жеткілікті.
- Ақтауда-25-30 жанармай құю станциясы;
- Жаңаөзенде-19 АГҚС;
- Бейнеу ауданында АГҚС-тың 12 нүктесі жеткілікті болады;
- Қарақия ауданында 13 нүкте;
- Маңғыстау ауданында 15 АГҚС;
- Мұнайлы ауданында 20 АГҚС;
- Түпқараған-14 бірлік жанармай құю орны.
Сонымен қатар мамандар өңірдегі түрлі маркалы автобензин мен дизель отынын сататын жанар-жағармай құю бекеттерімен саралап, облыста 54 автожанармай құю станциясы бар, оның 30-ы үш ірі операторға ("ҚМГ" ЖШС, "Гелиос" ЖШС және "Синойл" ЖШС), 24 жеке кәсіпкерге тиесілі. Облыста 137123 бірлік автокөлік бар, оның 43011 бензинмен жүреді (бір айға – 6300 тонна жағады). Ал 19221 автокөлік дизель отынынын пайдаланады (бір айға 4530 тонна жағады). Демек, барлығы 62232 көлікке тек 54 ЖҚС қызмет көрсетеді. Әр шамамен әр станцияға 1150 автокөліктен келеді деген сөз.
Газбен жүретін 94112 көлік айына 19-20 мың тонна шамасында газ тұтынса, 80-85 АГҚБ болуы жеткілікті. Бірақтан көліктің саны, резервуарлардың көлемі, колонкалардың саны, орналасқан жерлеріне байланысты 120-130 автогазқұю бекеттері жеткілікті.
Бірақ бұл басты мәселе бұл емес. Қиын болсада айтылған дұрыс, қалған АГҚС иелері не істейді?
8. Егер әр газ құю бекетінде, орта есеппен 3 қызметкер жұмыс істейді деп болжасақ. Теориялық тұрғыдан шамамен 700 қызметкерге жетеді. Әркімнің өз отбасы, балалары бар. Бұдан не ұғынуға болады:
Кәсіпкерлікті басқа бағытпен жандандыру:
АГҚБ учаскесі заңды негізде жекеменшік және көпшілігі жол жиегінде орналасқандықтан, мысалы: шағын көлік жуу орны, автобөлшектерді сату магазины, автокөлік жөндеу шеберханасы, көлік шинасын желімдеу және ауыстыру пункті, немесе фаст-фуд сату нүктелерін орналастыру бойынша да жоспар жасауға бір жылға жуық уақыт бар екенін пайдаланған дұрыс шығар деп ойлаймын.
Бірақтан әр адамның еркі өзінде.
Аға буын өкілдері өткен ғасырдың 90-шы жылдарын еске алса. Ол кезде елде бизнес пен кәсіпкерлік енді ғана пайда болған кез. Шағын дүңгіршектер, вагонда орналасқан кафелер, таксофондар, сөйлесу пункттері, кәуапханалар, тағы басқа жеңіл бизнесс ошақтары болған. Араға 15-20 жыл салып барлығы өзгерді. Қазір барлық жерде супермаркеттер, дизайнерлік бутиктер, сауда үйлері, ыңғайлы дүкендер, кез-келген талғамға сай кафелер мен мейрамханалар, желілік жанармай бекеттері, көптеген тапсырыстарды үйден шықпай-ақ смартфонның тапсырыс беретін жағдайға жеттік. (15 жыл бұрын бұл мүмкін емес деп саналды, келісесіз бе?).
Сонымен қатар нарыққа IT-жабдықтар келіп, көптеген процестерді жеңілдеп клиенттер үшін ыңғайлы болды.
9. Заманның ағымы жөнінде көп айтуға болады.
Билікті айыптаудан көрі, мүмкіндікті пайдаланып басқа салаға икемделгенде дұрыс шығар. Өмірдің өзі осындай мысалдарға толы. Кез-келген дағдарыс, кез-келген құлдырау жаңа мүмкіндіктер мен жаңа мақсаттарды тудыруы мүмкін.
Мына бір оқиғаны айта кетейін.
АҚШ-та алтын іздеу науқаны кезінде, іздеушілердің саны бірнеше есе өсіп, бәсекелестік артып, алтын бағасы төмендей бастады. Европадан алтын іздеуге келген бір жас жігіт жағдайды көріп өзі кешіккенін түсінді. Бірақтан алтын қазушылардың шалбарлары тез тозатынын байқап, олар үшін ең қатты және берік материалдан комбинезон тігуді бастады.
Сонымен, 120 жылдан астам уақыт бұрын осылайша джинсы шалбары пайда болды", делінген жазбада.