Сенек ауылының тұрғыны, Жеке кәсіпкер өз ауласынан шығатын жер асты табиғи ауыз суын 1 литр және 19 литр құтыларға дайындап, сатылымға шығарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау өңірінің ерекше табиғаты саналатын Сенектің құмы баршаға белгілі. Осы құм арқылы "Сауысқан","Түйесу" атты су жеткізу нүктелерінен ауыл тұрғындарының ауласына таза су келіп тұр.
Алдымен Сенек суы зертханаларға тапсырылып, химиялық құрамы мен минералдылығы тексеруден өтеді. Сенек суын шығарып, тұрғындарға ұсынып отырған кәсіпкер пластикалық бөтелкелерді үрлейтін және жұмыс барысында қолданылатын құрылғыларды шетелден алдырған екен, делінген Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
«Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласындағы мекемелердің кеңселерінен тапсырыс алып, жеткізіп беріп отырмыз. Алдағы уақытта кәсібімді ұлғайтып, басқа да аудандар мен қалаларға сатылымға шығаратын боламыз деді»,- Дариға Құрмантай.