Ақтауда карантинді сақтау бойынша мобильді топтар жұмысы жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері дүкендерді, сауда орталықтарын, мейрамханаларды және басқа да кәсіпкерлік субъектілерді тексеруде.
Рейд барысында 10-нан астам нысан тексерілді. Нәтижесінде санитарлық талаптарды сақтамаған «Кишлак», «Фонтан» дәмханасы, «Киш Миш» шайханасы, «Qazaq med clinic» клиникасы, «Электро сила» дүкені және «Олжа», «Ajar», «Gulnar_Nail_Studio» сұлулық орталықтарына түсініктеме толтырылды, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.