©
Әлеуметтік желілерде Ақтауда паркингте өткен тойдың видеолары кеңінен тарап кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Видеода сөйлеп тұрған жігіттің айтуынша, паркингте беташар ұйымдастырылған.
"Паркингтегі тойды ешкім көрмеген шығар. Мына жағында машиналар тұрса, мына жағында той өтіп жатыр", дейді ол.
Ақтау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде "паркингтегі той"видеосын анықтады.
"Учаскелік инспекторлар қатысушыларды анықтады. Түсініктеме алынды. Материалдар Ақтау қаласы әкімдігінің жанындағы мониторингтік топқа жолданды", делінген хабарламада.