Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілерімен Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Жолдауының негізгі ережелері бойынша мәселелерді талқылау бойынша жиын өткізілді.
Әскери қызметшілер 2020 жылы жарияланған Президент Жолдауын талқылады. Конференцияда елдің жаңа экономикалық бағыты жеті негізгі қағидаты айтылды.
Жиынның басты мақсаты – әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын түсіндіру.
Жиын барасында Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Қуандық Бердіғалиев Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының Жолдауында коронавируспен күрес кезінде алдағы шепте жүрген әскери қызметшілерге, дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне төзімділік пен жауапкершілік үшін шынайы ризашылығын білдіргені туралы еске салып өтті.
Сонымен қатар жеке құрамға алдағы жылдың мақсатымен тапсырмаларын жеткізіп Қазақстан Республикасының Президенті жолдауын бейнеролик көрсетілді.
«Қазақстан Республикасының Президенті және Қорғаныс министрі тарапынан берген тапсырмаларын Қарулы күштерінің жеке құрамдары мүлтіксіз орындайтынымызға мен сенім білдіремін. Осы бағытта барлық аудандық және қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдермен басқармаларына 2021 жылы бірде бір сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттерге жол бермеуге тиіспіз», – деп атап өтті Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Қуандық Бердіғалиев.
Айта кейтейік, іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып өткізілді.