• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 5 Тамыз 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Карантин: Облыста жаңа қаулы жарияланды...

"Маңғыстау Медиа" басшысы Айсұлу Дутбаева марапатталды...

Журналист Жалғас Айтқұлов өмірден озды...

Камиль Куруглиев әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды...

Токио-2020: Бекзат Нұрдәулетовтің алғашқы қарсыласы анықталды...

  • USD: 425.13 ₸
  • EUR: 503.01 ₸
  • RUB: 5.81 ₸

Облыс дамуындағы оң өзгерістер

11 ақпан, 13:39  |  Жаңалықтар

Маңғыстау облысының 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында оң нәтижелер бар. Облыс бойынша негізгі даму индекторлары көтеріліп, нақты салалардың көрсеткіштері өскен. Мәселен, халық үшін ең маңызды мәселе баспана десек, статистика департаменті берген мәліметтер бойынша өткен жылдың қаңтар–желтоқсан аралығында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 1192,9 мың шаршы метр болып, пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлемінің индексі 101,5%-ға жеткен.

Ұлттық экономика

2020 жылғы қаңтар–желтоқсан айы аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 576365,7 млн. теңгені құрап, өткен жылғы кезеңімен салыстыр­ған­да 2,9%-ға көбейгені байқалды. 2021 жылғы 1 қаңтарда­ғы дерекке сүйенсек, 15610 заңды тұлға тіркелген, оның ішін­де 100 адамнан аз қызметкерлері бары 15281 бірлік бар. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны – 11343. 2021 жылғы 1 қаңтардағы дерекке сәйкес облыста орта жә­не шағын кәсіпкерліктерде 9772 заңды тұлға жұмыс істейді.

2020 жылғы қаңтар–желтоқсан айында өнеркәсіп өнді­рісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 2098908,6 млн. теңгені, өнеркәсіптік өндірістің индексі 93,9% құрады. Кен өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіптік өндірістің индексі 93,3% құрады.
Ауыл, орман және балық шаруашылығының ішкі өні­мінің көлемі 2020 жылғы қаңтар–желтоқсанға 20730 млн. теңгені құрады, оның ішінде 19768 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі (НКИ) 2019 жылмен салыстырғанда 5,2%-ға азайды және 94,8%-ды құрады.

2020 жылғы қаңтар–желтоқсанға құрылыс жұмыс­тары­ның (қызметтерінің) көлемі 206323,3 млн. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар–желтоқсанға қарағанда 12,2%-ға көп.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Көлік» (көлік және қой­­­­­малау) саласы бойынша нақты көлем индексі 92,4%-ды құрады.

2020 жылғы қаңтар–желтоқсан айларында жүк айна­лы­мының көлемі 10460,1 млн. тонна шақырымды (ком­мер­циялық жүк тасымалдаумен айналысатын кө­лік­тік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көле­мінің ба­­ғалауы есебімен) құрап, 2019 жылғы қаңтар–жел­тоқ­­сан айларының деңгейінен 23,1%-ға көбейген.

Халық саны және тұрмыс сапасы

2020 жылдың 1 желтоқсанында облыстағы халық саны 717,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 286,6 мың (39,9%), ауылдықтар – 430,9 мың адам (60,1%). 2020 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 18,7 мың адамға немесе 2,7%-ға өсті.

Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 2020 жылғы III тоқсанда бағалау бойынша 134859 теңгені құрады, бұл 2019 жылғы III тоқ­санға қарағанда 1,3% төмен, нақты ақшалай табыс көр­сетілген кезеңде 8,1% төмендеген. Ең төменгі күнкөріс дең­­гейінің шамасы орташа жылына 2019 жыл 35 958 теңге болса, 2020 жылы 38 655 теңгені құраған.

2020 жылғы желтоқсан айын өткен аймен салыстыр­ғанда негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген халықтың орташа жан басына шақ­қандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы – 0,5%-ға өскен.

Еңбек және жұмыспен қамту

2020 жылғы ІІІ тоқсанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 16,4 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі жұ­мыс күші экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына шаққанда 5,1% құрады. 2020 жылдың желтоқсан айының соңында жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 8033 адамды құрады, экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі– 2,5%. 2020 жылғы ІІІ тоқсанда бір қызметкерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 297820 теңгені құрады, 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,2%-ға кө­бейіп, нақты жалақы индексі 93,3% көрсеткішке ие.

Облыстағы кәсіпорындар мен ұйымдардағы жалдама­лы қызметкерлердің саны 156,5 мың адам, оның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда 127 мың адам жұмыс істейді. 2020 жылғы ІІІ тоқсанда ірі және орта кәсіпорындарға 6,1 мың адам қабылданған. Әр түрлі себептермен 7,3 мың адам жұмыстан шыққан. ІІІ тоқсан соңына таман ірі және орта кәсіпорындарда 1,1 мың бос жұмыс орны болды.

Халықаралық еңбек ұйымы ХЕҰ әдіснамасына сәйкес анықталатын жұмыссыздар саны 2020 жылғы ІІІ тоқсанда бағалау бойынша 16,4 мың адамды, жұмыссыздық дең­ге­йі 5,1% құрады. 2020 жылы желтоқсан айының соңын­да жұмыспен қамту органдарында 8 мың адам жұмыссыздар ретінде ресми тіркелген, бұл өз кезегінде тіркелген жұмыс­сыздар үлесі 2,5% екенін көрсетеді.

Тұтыну бағасының индексі

2020 жылдың желтоқсан айында бірқатар азық-түлік бағаларында өсім бар. Тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы желтоқсан айын 2019 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 107,9% құраған. Азық-түлік та­уарларына бағалар – 11%, азық-түлік емес тауарларына– 6,2%, ақылы қызметтер 5,5%-ға көтерілгені байқалады. Өнер­кәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2020 жыл­ғы желтоқсан айын 2019 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда – 11,8%-ға өсті.

Қаржы жүйесі

2020 жылдың III тоқсанында кәсіпорындар мен ұйым­дар­д­ың қаржы нәтижесі пайда ретінде 47,6 млрд. теңге сомасында қалыптасып, бұл өткен жылғы тиісті кезеңдегі сәйкес көрсеткіштен 2,2 есе төмен болып отыр. Пайдалылық деңгейі 8,7% құраса, есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі – 36,6%. Екінші деңгейдегі банктердің экономика саласына салған кредиттік салымдары 2020 жылғы қарашаның соңына 418,7 млрд. теңгені құрады. Шетел валютасындағы кредиттердің үлес салмағы 6,1% болса, жеке тұлғалардың депозиттері 220 млрд. теңгені көрсетті.

Кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы

Өткен жылдың желтоқсан айында кен өндіру өнер­кә­сібінің индексі – 103,1%. Өңдеу өнеркәсібінің баға­сы 100,6%-ды құрады. Шикі мұнай мен табиғи газ 3,5%-ға қымбаттаған.Электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ыстық су және ауа баптау алдыңғы айдың деңгейінде қал­ды.Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жә­­не қызметтерінің жалпы шығарылымы 2020 жылдың қаң­тар–желтоқсанында 20730,0 млн.теңге болса, оның ішін­де ауыл шаруашылығы 19768,0 млн. теңгені құраған, өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі – 4457,3 млн.теңге, мал шаруашылығының жалпы өнімі – 15214,2 млн. теңге, ауыл шаруашылығы салаларындағы қызметтер 96,5 млн. теңгеге бағаланып отыр.

Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы 2020 жылғы қаң­тар–желтоқсан аралығында былайша өрбіді: өнеркәсіп кәсіпорындары 2098,9 млрд. теңгеге, оның ішінде тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі салаларында тиісінше 1788,7 және 174,3 млрд. теңгеге, электрэнергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен ауаны кондициялаумен жабдықтау 116,3 млрд. теңгеге, тиісінше сумен жабдықтауда, кәріз жүйе­­сінде 19,6 млрд. теңгеге өнім өндірді.

Тұрғын үй құрылысы

Маңғыстау облысы аумағындағы 2020 жылдың қаң­тар–жел­тоқсанында құрылыс жұмыстарының көлемі– 206323,3 млн. теңге. Осы уақыт аралығындағы құры­лыс жұмыс­та­рының едәуір көлемі беріліс құрылғы­лары (59102,9 млн. теңге), тұрғын ғимараттар (47822,2 млн. теңге), өз­ге де ғимараттар (21860,3 млн. теңге) және авто­ма­гис­тральдар (23074 млн. теңге) нысандарында орындалған.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 2019 жыл­ғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда 11,6% көбейіп, 178760,3 млн. теңгеге жеткен, сонымен қатар күрделі жөн­­деу жұмыстарының көлемі өткен жылғы тиісті кезең­мен салыстырғанда 27,3% өскен.

2020 жылғы қаңтар–желтоқсан аралығында 4047 жаңа объектілердің құрылысы аяқталған, олардың ішінен 3827 тұрғын және 220 тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар бар. Пайдалануға берілген әлеуметтік-мәдени объекті­­лер бо­йынша жалпы білім беретін 9 мектеп, 1 аурухана іске қо­сылған.

Тұрғын үй құрылысына он екі ай ішінде 106288 млн. теңге салынған. Негізгі капиталға салынған инвестиция­лар­дың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында иге­ріл­ген қаражаттың үлесі 18,4% құрайды. 2020 жылғы қаң­тар–желтоқсанда тұрғын үй құрылысының негізгі қар­жыландыру көзінің үлес салмағы 90,7% құрайтын салу­­шылардың меншікті қаражаты болды.

Қаңтар–желтоқсан аралығында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 1192,9 мың шаршы метр­ді, оның ішінде жеке құрылысшылар салған 633,4 мың шаршы метрді құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақ­ты көлемінің индексі 2019 жылғы қаңтар–желтоқсанға 101,5% құрады. 2020 жылы халық салған тұр­­ғын үй құ­ры­лысының 1 шаршы метрінің орташа нақты шы­ғын­да­ры– 81,7 мың теңге.

Шағын және орта кәсіпкерлік 2020 жылғы қаңтар–қыркүйекте шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің өнім, яғни тауарлар мен қызметтер шығарылымы 991652 млн. теңгені құ­ра­ды. Нарықтағы жұмыс істеп тұрған және жұмыс істейтін ШОК субъектілерінің саны 2020 жылғы 1 қазанында 52076 бірлікті құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік­те жұмыспен қамтылғандар саны 2020 жылғы 1 қазанда 121 мың адамды құрады. 2020 жылғы қаңтар–қыркүйек кезеңін 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда ШОК субъектілерінің өнім шығарылымының көбеюі Ақтау қа­ласында (111,6%) және Маңғыстау ауданында (107,6%) бай­қалады. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерең көп саны Ақтау қаласында (102,2%), Мұнайлы (109,6%) және Түпқараған (100,1%) аудандарында шоғырланған. Белсенді жұмыс істейтін ШОК субъектілері саны өсу қарқыны ішінде Бейнеу (102,6%) ауданында байқалды.

Жайық НАҒЫМАШ

281
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Маңғыстауда кеше 5 адам коронавирустан емделіп шықты

Келесі жаңалық

Мемлекеттік қызметшілер «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатыса алады

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      Аудан тынысыТүпқарағанҚоғамМәселеЖарнамаРедакция ұжымыСараптамаСпортАуыл өміріҚызық дерекХабарландыруҚазақстан жаңалықтары

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    16 маусым, 18:15
    288

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    18 ақпан, 10:38
    523

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    17 ақпан, 11:32
    502

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    13 ақпан, 10:46
    1144

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    13 ақпан, 09:53
    671

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    12 ақпан, 16:18
    501

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»