Қарақия ауданының тұрғындары «Бозжыра» шатқалынан 4 шақырым жерде визит орталықтың салуына қарсы емес.
Бұған дейін Маңғыстау облысының Құрық ауылында «Визит орталығы» жұмыс жобасының «Қоршаған ортаға әсерін бағалау» бөлімі бойынша ашық отырыс нысанындағы қоғамдық тыңдау өткенін хабарлаған болатынбыз.
Олардың пікірінше, бұл жоба ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына тың серпін береді және жаңа жұмыс орындарының ашылуына тың серпін береді.
«Мен Құрық ауылының тұрғынымын. Қазір осы ауылдың жастарының атынан сөйлеп тұрмын. Бізге Бозжырада туристік кешеннің салынуы қажет. Себебі бұл жоба ауылымыздағы жұмыссыз жастар үшін керек. Оларға жақсы көмек болар еді. Егер жоба халықтың сұрап отырғанындай жүзеге асырылатын болса, бұл үлкен мүмкіндік деп ойлаймын», - дейді Қарақия ауылының тұрғыны Серік Жақсылықов.
«Бозжыра» деген бала кезімізден көріп келе жатқан шатқал. Бүгінгі таңда бұл таңғажайып жер заман ағымына сай туристердің қызығушылығын арттырып отыр. Неге осындай мүмкіндікті пайдаланып біз кең байтақ жеріміздің тарихи-мәдени жерлерін дүйім жұртқа паш етпеске. Жобаны жүзеге асырса жаңа жұмыс орындары ашылады деп жатыр. Егер жергілікті тұрғындардың әлеуетін көтеретін бағытта жұмыс жүргізсе біз бұл жобаны қолдаймыз», - деді Құрық ауылының ақсақалы Ержан Бекниязов.