©
Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдос Хамиев хабарлады.
Бүгін сағат 15.40 шамасында 1, 2, 3а, 3б, 4 шағынаудандағы ажыратылған электр желілері іске қосылды.
Айта кетейік, осыған дейін қаланың кейбір шағынаудандарында және Түпқараған ауданындағы Форт-Шевченко, Баутин ауылында электр желісінің өшкенін хабарлаған болатынбыз.