Сайлау күні Маңғыстау облысында 49 сәби өмірге келді. Оның 23-і ұл болса, 26-сы қыз балалар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оның 42-сі Ақтау қаласында, қалған 7 сәби аудандарда жарық дүние есігін ашты. Ал ең жас ана 19-да болса, жасы ең үлкені 46-да. Барлық туғандардың ішіндегі ең салмағы аз сәби 1 келі 660 грамм, ал ең көп салмақ 4 келі 750 грамм болып туған, делінген Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кету керек, перинаталдық орталықта жатқан 240 жүкті әйелдердің 235-і белсенді түрде дауыс беріп, өздерінің таңдауларын жасады.