«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!». Бұл «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының тақырыбы. Құжатта бүгінгі күннің ахуалына қатысты объективті көзқарас пен азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру бойынша барынша ойластырылған шаралар қамтылды.
Партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау барысында бүгін «Раббым-Құрылыс» ЖШС қызметкерлерімен онлайн кездесу өтті. Облыстық мәслихат депутатына кандидат Кәмшат Даулетбаева ZOOM платформасына қосылып, алдымен сайлауалды бағдарлама жөнінде түсінік берді. 7 басым бағыт бойынша жасалатын жұмыстарға тоқталды. 5 жылдағы жұмыс жоспар аясында өндіріс, кәсіпкерлік, білім, медицина т.б. салалар дамып, көптеген мәселелердің шешімі табылады. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі төмендейді, жаңа жұмыс орындары ашылады, отандық өнім кеңістігі кеңейіп, білім мен медицина дамиды.
- Бейнеу ауданында 5 жыл ішінде құрылыс қарқыны артады. Тұрғын үй құрылысы, жаңа емхана, мектеп, спорт зал құрылыстары жүзеге асырылады. Бұлардың барлығы ауданның әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі, ауданның дамуы үшін жасалады, - деді кандидат.
Құрылысшылар партия жұмысына оң баға беріп, алда көптеген игі шаралар уақытында жүзеге асырылсын деген тілектерін білдірді. Партияны қолдайтындықтарын жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді