Қазір әлемде интеллектуалдық және рухани әлеуеті жоғары азаматтар – кез келген мемлекет пен ұлттың тұрақты дамуының басты кепілі. Әрбір азамат жаңа білімге ұмтылып, тұрақты түрде дамуы, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, қоршаған ортаны қорғауы қажет. Осынау талпыныстарды партия қызу қолдайды.
«Nur Otan»-ның мәдениетке, өнерге, мәдени құндылықтарымыздың сақталуы мен өркендеуі жолындағы мүдделі жұмыстарын таныстыру мақсатында Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының шығармашылық ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Шара онлайн түрде, облыстық сайлауалды штаб мүшелері Сағыныш Төралиев, Бекбол Базарбаевтың қатысуымен 29 желтоқсан күні «Zoom» платформасы арқылы жүзеге асырылды.
Қатысушылардың қызметіне қарай партияның мәдениет саласында жасалатын жұмыстарына тоқталды. Партия алдағы 5 жылда шығармашылық ортаға айтыс, мүшайра, конкурстар, фестивальдар, әдеби оқулар, тарихи-мәдени орындарға экскурсиялар және басқа да іс-шаралар өткізуге мүмкіндік бере отырып, өнер иелерінің творчествасын дамытуға жол ашпақ. 2025 жылға дейін ел бойынша 1500 мәдениет нысан салынады, ескілеріне жөндеу жүргізіледі. Барлық мәдени іс-шаралар, театр маусымдары, кітапхана қорлары, мұражайлар мен көрмелер туралы бірыңғай электронды платформа құрылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде «Қазақстанның киелі географиясы» және «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобаларын іске асыру жалғасады. Маңғыстау облысы бойынша тарихи-мәдени мұраны сақтауға және өнер салаларын дамытуға аса мән беріліп, 4 мұражай, 7 кітапхана, 5 ауылдық клуб салынады.
Сонымен қатар 19 шағынауданда орналасқан Әбіш Кекілбайұлы атындағы облыстық өлкетану музейі мен қарсы бетінде Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық кітапхана ортасында Н.Жантөрин атындағы театрдың жаңа ғимаратына жер бөлінген. 2023 жылы партия осы нысанның толық аяқталып, қолданысқа берілуіне ықпал етеді. Жаңа ғимарат 3 залдан тұрады. Үлкен зал – 2 мың, екінші зал – 320, үшінші зал -120 орынға есептелген. Эксперименталды залда көрермендердің қатысуымен ойналатын спектакльдер сахналанады. Облыс тұрғындары мен қонақтары үшін рухани демалатын үлкен демалыс орнына айналады.
- «Nur Otan» партиясының жұмысы толығымен жаңарды, жаңғырды. Алғаш рет праймериз өтті. Партияның жұмыс жасау үрдісі ескірген деген стереотип жойылды. Керісінше, биылғы сайлауалдын партияның мүлдем жаңарған форматта жұмыс жасап жатқанына көз жеткіздік. Өткенде партия төрағасының бірінші орынбасары өңірімізге келген жұмыс сапарында «проблемадан қашпау керек, одан да сол мәселеге тіке қарап, оның шешімін қарастыру керек» деген еді. Осы сөзден-ақ партияның ел дамуына үлкен үлесін қоса беретінін аңғарамыз. Ол үшін партия билік пен халық арасындағы байланысты нығайтып, көпір болып, халықтың үнін естіп, халық арасында жүріп, халықпен тығыз қарым-қатынаста болу қажеттігін үгіттейді, - деді Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының бас режиссері Гүлсина Мерғалиева.
Театр ұжымы кез келген нәтиже үлкен еңбекпен келетінін айтып, партия жұмысына сәттілік тіледі. 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысып, партияны қолдайтындықтарын жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді