«Қазақстан Халық партиясы» Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының өкілдері «Zhamal-ai LTD» АҚ еңбек ұжымымен кездесті. Аяқ киім фабрикасындағы жұмысшылармен әңгімелесу әсерлі өтті.
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңында негізі қаланған «Ақбөбек» фабрикасының шағын ұжымы облыс басшылығының қолдауымен және сол кездегі «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінің қаржылай көмегімен аяқ киім өндірісін бастаған. 1993 жылы аяқ киім фабрикасының басшысы Зибира Хасанова және оның ұжымы ескірген жабдықтарды жаңартты. Олар өндіріске екінші өмір беру үшін қаншама биік табалдырықтардан өтіп, үлкен еңбектің қиыншылығын көрді. Қазіргі таңда бұл ұжым өздерінің табандылық еңбегінің арқасында ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып отыр.
Жиын соңында ұжым қызметкерлері партия өкілдеріне өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Қартбай ҚОЖАЕВ