«Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Оспан Қазақбаев ауданымыздағы бірқатар ұжымдармен кездесу өткізді.
Оспан Дәденұлы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы және Бейнеу жол дистанциясының «Транспорт» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесті. Жиын барысында партияның 2021-2025 жылдарға жасақталған экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, қызмет жасап тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу, жаңа жұмыс орындарын ашу сияқты әлеуметтік мәселелер сөз болды.
Жиынға қатысушылар тарапынан аудан көлемінде атқарылатын жұмыстардың маңыздылығы туралы бірқатар сұрақтар қойылды.
Қартбай ҚОЖАЕВ