«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Бейнеу аудандық филиалының қоғамдық штабының мүшелері және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар «Бейнеуветсервис» мекемесінің ұжымымен кездесті.
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан жергілікті мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар Ырысбек Бақытов пен Нұралы Сәдіғұлов аудан және ауылдардағы еңбек ұжымдарында кездесулер өткізуді мақсат етіп, аталған жұмысты «Бейнеуветсервис» ұжымынан бастады. Жиынға қатысушылар жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, ауылды өркендету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Қартбай ҚОЖАЕВ