«Ақ жол» халық демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалының өкілдері аймақтағы бірқатар еңбек ұжымдарында кездесулер өткізіп, еңбек адамдарымен ашық әңгіме өткізуде.
Кездесулерде бабалар салған сара жолмен жүріп, тәуелсіздік тұғырын нығайту ұл мұраты екені жайында сұхбаттасып, көпшіліктің ой-пікірлері тыңдалды. Партия өкілдері аймақ тұрғындарымен кездесулерде ел өмірімен жете танысып, кейбір мәселелерді шешудің тиімді жолдары туралы ұсыныстармен бөлісті.
Партияның Маңғыстау облысындағы өкілдері халық пікіріне құлақ түріп, еліміздің дамуына серпін беретін кейбір мәселелердің шешу жолдарына назар аударды.
Қартбай ҚОЖАЕВ