«Адал» саяси партиясы аудандық филиалының қоғамдық штабының өкілдері мен жергілікті мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар аудан тұрғындарымен кездесулер ұйымдастыруда.
«Адал» саяси партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар ауылдарында, көптеген еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлік нысандарда кездесулер өткізді. Кездесу барысында партияның атқаратын қызметі мен қоғамдағы рөлі және қарапайым халықтың өмір сапасы туралы айтылды.
Кездесу жиындарына қатысушылар ауылдарды дамыту бойынша шешімін күтіп тұрған мәселелерге байланысты сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Қартбай ҚОЖАЕВ