Ардақты ағайын!
Құрметті маңғыстаулықтар!
Сіздерді барша арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған ұлық мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осыдан 29 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы дүйім дүниеге тәуелсіздігімізді жария етіп, мәңгілік ел болуға бел будық. Сондықтан, тарихи оқиғалар тоғысқан 16 желтоқсан біз үшін тамыры терең қастерлі күн! Әбіш ағамыз айтқандай: «Тәубемізден жаңылмасақ, тәуекелімізден тайынбасақ, тәуелсіздігіміздің тасы өрге домалайды. Бірақ бұл - Тәуелсіздік - тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік»... Тірегі – тұрақтылық, тілегі – татулыққа негізделген Қазақ елінің бірлігі берік, бейбіт өмірі мәңгі болғай!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын! Мерейлі мерекеміз құтты болсын!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов