Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, өткенге деген тағзымды, болашаққа деген сенімнің белгісі. Қазақ халқы үшін сан тарихты басынан өткеріп, бойдағы тектілік пен тағдыр жазуының арқасында басына қонған қастерлі бағы. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі ұлт тарихының жылнамасы жаңа дәуірде жаңаша жазыла бастады. Даму мен жаңарудың қиындығы мен қуанышы, жетістіктері мен жеңісті сәттері қазақ халқын жаңа биіктерге жігерлендіруде. Осы жылдар ішінде Қазақстан әлемдік өркениетте орны бар әлеуетті мемлекет ретінде қалыптасып, бүгінгідей дамыған мемлекетке айналды.
Биыл өздеріңізге мәлім, бүкіл әлем қиын қыстау кезеңді бастан өткерді. Осы шақты ел болып, халық болып еңсердік. Оған әрбіріңіздің қажырлы еңбегіңіз бен сүбелі үлестеріңіз зор. Пандемия кезінде атқарған қызметтеріңізге алғыс айтамын. Еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еліміздің ертеңі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Құрметпен, Ақтау қаласының әкімі Н. Қилыбай