“Nur Otan” партиясы өз мүмкіндіктерін таныстыру әрі барынша халықты көптеп қамту мақсатында «Есіктен есікке» акциясын бастаған болатын. Үгіт-насихат жұмыстарына кіріскен сәттен сайлауалды штаб, ҚР Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаты мандатына үміткерлер, «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері тұрғындардың үйлеріне барып, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, үнпарақтар таратуда. Сонымен қатар тұрғындардың жағдайларын біліп, тіршілік етіп жатқан жерінде нені өзгерткісі, қайда барғысы келетіні сұралады. Бір мәселелер уақытында шешіліп, өтініштер мен ұсыныстар болашақтағы жұмыстарға кірістіріледі.
Акция аясында бүгін Жаңаөзен қаласы «Шұғыла» шағынауданы тұрғындарының шаңырақтарына жол түсті. Облыстық және қалалық мәслихатқа үміткерлер Нұрым Ермағанбетов, Сәбит Қаржаубайұлы мен Бердіғали Берекетов аталмыш шағынауданның тұрғындарының үйінде, айналасындағы шағын кәсіпкерлік нысандарда болды. Кездесу барысында қала тұрғындары тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс пікірлерін тиісті мекеме басшыларына жеткізетіндіктерін айтты.
- Партияның «Есіктен есікке» акциясына белсенді атсалысудамыз. Өйткені қала мен оған қарасты Қызылсай, Теңге, Рахат ауылының тұрғындары партияның мүмкіндіктерімен толық ақпараттануы қажет. Содан кейін сайлауда еліміздің болашағы, өздерінің жайлы тұрмысы үшін дұрыс шешім қабылдай алады, - деді облыстық мәслихат депутатына үміткер Б.Берекетов.
Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы бойынша үгіт-насихат жұмыстары 2021 жылы 9 қаңтар сағат 00.00-ге дейін жалғасады.
«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Сайлау қоры қаражатынан төленді