Өңірдегі газ тапшылығына байланысты энергетика министрлігі жауап берді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Министрлік Маңғыстау облысының қажеттілігіне айына 19 мың тонна сұйытылған газ бөлінетінін, ал әрі қарай газ көлемін әр газ желісі ұйымына үлестіріп беру әкімдіктің құзырында екенін айтып отыр.
Ал «Атырау Мұнай Өңдеу Зауыты» ЖШС мен «Теңізшевройл» ЖШС жеткізушілерінен бөлінген газ сұраныссыз қалуда. Энергетика министрлігі бекітіп отырған жоспардың өңір кажетілігін түгел қамтасыз етіп отырғаны көрсетеді. Министрлік облысқа сұйытылған газ көлемін бөледі, содан кейін әкімдіктер оларды газ желісі ұйымдары арасында бөледі, - дейді Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-химия департаменті директоры Зияш Қияқбаев.
Бұған дейін наразылық білдірген кәсіпкерлер өңірде газ желісі ұйымдарынан газ алатын бекеттердің санына қарамастан бөлінетінін айтып шағымданғанда Маңғыстау облысының әкімдігі дайын өнімді үлестіру министрлік арқылы ғана шешілетінін айтып келген еді. Министрлік пен әкімдік кәсіпкерлер электронды сауда алаңы арқылы сұйытылған газ алуға құқылы десе де, сатушылар оның да қиын екенін айтады.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ