Шетпедегі «Сегізбай Ата» сауда орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерін арзан бағада сататын дүкен ашылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Облыстық «Каспий» ӘКҚ қолдауымен жеке кәсіпкер Мұхтар Қармысов ашқан дүкенде шекер, күріш, сүт, сұйық май, тұз секілді халық бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік түрлері аудан бойынша ең арзан бағамен сатылып жатыр. Сондай-ақ мұнда көтерме сауда болмайды. Тек қарапайым халықтың қажеттілігіне қарай сатылады. Бұл бағаның өспеуіне септігін тигізеді.
«Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қолдауына ризамыз. Біз бұған дейін де аудан халқына қолжетімді бағада азық-түлік сатып келдік. Енді одан сайын дамытып жатырмыз. Бұл халық үшін үлкен көмек деп ойлаймын. Кәсіпкердің жобасын қолдау арқылы елге жағдай жасап жатқан басшылықтағы азаматтарға алғыс айтамыз», - дейді жеке кәсіпкер М.Қармысов.