• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 21 Қазан 2020

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстауда «Орел и Решка» бағдарламасы түсіріліп жатыр...

Спортшылар: Карантин ережесі өзгертілсін!...

Сайын Шапағатовтың 80 жылдығы аталып өтті...

Ақтауда «у шашқан» ұшаққа қатысты түсінік берді...

Кептерші: Ермекке де еңбек қажет

  • BRL: 76.46 ₸
  • HUF: 13.87 ₸
  • CAD: 325.52 ₸

Экология министрлігі қоғам белсенділерімен өңірдің экологиялық проблемаларын талқылады

7 қазан, 15:28  |  Жаңалықтар

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің қатысуымен өткен ZOOM-конференцияда Маңғыстау өңіріндегі экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған «Жол картасы» таныстырылды.

Күн тәртібінде үш мәселе талқыланды. Атап айтқанда, экологиялық жағдайды жақсарту бойынша қабылданған шаралар, қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та көтерген өңірдің өзекті экологиялық мәселелері және Маңғыстау облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол картасы.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша халқымыздың денсаулығы 20 пайызға экологиялық факторларға тәуелді. Қазақстанда атмосфералық ауаның ластануы, атап айтқанда қалқымалы заттар (шаң), күкірт диоксиді, азот оксидтері біршама мөлшерде әсер етеді. Өңір жұртшылығының атмосфералық ауаның сапасы туралы алаңдаушылығын назарға ала отырып, біз мұнда жалпы экология, қоршаған ортаға әсер ету және табиғатты қорғау іс-шараларының орындалуы туралы мәселелерді талқылау үшін әкімдіктер, қоғамдық ұйымдар, ірі кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен жиын ұйымдастырдық.

2019 жылы Маңғыстау облысы бойынша ластаушы заттардың шығарындылары 218,5 мың тоннаны (республика бойынша жалпы шығарындының 9,1) және төгінділер 126,03 мың тоннаны (республика бойынша төгіндінің жалпы көлемінің 15,4%) құрады. Жалпы айтқанда, қазіргі таңдағы нақты деректерге сәйкес, республика бойынша, Маңғыстау облысы қоршаған ортаға эмиссияларға сәйкес, экологиялық қолайлы өңірлердің біріне жататынын көрсетеді.

Дегенмен, аймақтағы атмосфералық ауаның сапасы алаңдаушылық тудырады. Бұл ретте облыс тұрғындары өндірістік объектілер мен рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің ұлғаюына байланысты қоршаған ортаның нашарлауына шағымдары бар.

Министрдің сөзінше, Жол картасы облыстағы ең өзекті деген экологиялық проблемаларды қамтиды.

«Жол картасы 7 бөлімнен тұрады. Атап айтқанда, көгалдандыру, қалдықтарды басқару, жер қойнауын пайдалану, ірі өндіріс ошақтарының шығаратын қалдықтары, радиоактивті қалдықтар және тағы басқа мәселелер. Жалпы жобаны дайындар алдында Маңғыстау облысындағы экологиялық ахуалға кешенді сараптама жасалды. Осы уақытқа дейінгі халықтың өтініш-тілектері ескерілді. Қазір де барлық мәселе толық қамтылуы үшін кері байланыс өте маңызды», - деді министр.

Кездеуге қатысқан қоғамдық ұйымдар мен ірі кәсіпорын өкілдері өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту бойынша өз ұсыныстарын берді. Көпшіліктің пікірінше, облыста тәуелсіз экологиялық мониторингті күшейтіп, ауаның сапасын бақылайтын арнайы құрылғылар орнату керек. Экотуризм қолға алынуы қажет. Сонымен бірге жиында Қызыл кітапқа енген Каспий итбалығын сақтап қалу мен «Қошқар-Ата» қалдық қоймасының экологиялық проблемалары да көтерілді. Министрдің сөзінше, көтерілген мәселелердің көбі Жол картасы жобасына енгізіліп қойған.

«Жол картасы жұмыс істейтін, өзекті экологиялық шешімдер көрініс тапқан құжат болуы тиіс. Әркім де ондағы пункттердің орындалуын қадағалай алады. Қосымша ұсыныстарыңыз да сонда енгізіледі», - деп атап өтті министр.

Маңғыстау облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасының жобасын бірлесіп, қосымша талқылап, тараптардың келісімі бойынша тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет екені айтылды. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов, жол картасы өңірдің жинақталған экологиялық проблемаларын шешуге бағытталғанын және алға қойылған міндеттерді қысқа мерзімде орындауға негізделгенін айтып өтті. Сондай-ақ, кеңеске қатысушылардың назарын бүгінгі күнгі экологиялық проблемаларды кешенді шешу жөніндегі Жол картасының жобасын талқылау сатысында мемлекеттік органдармен бірлескен, сонымен қатар ірі табиғат пайдаланушылармен және қоғамдық экологиялық ұйымдармен талқылау қорытындысы бойынша облыс әкімдігімен қол қоюға ұсынылғанын тілге тиек етті. Бұл ретте барлық тілек білдірушілер осы жоба бойынша сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдіре алады.

Жол картасының жобасына бірқатар проблемалық мәселелерді шешу, соның ішінде өңірдегі атмосфералық ауаның сапасын жақсарту, қалпына келтіру, көгалдандыру және қоршаған ортаны мониторингтеу мәселелері енгізілген. Осыған байланысты Жол картасын талқылауға белсенді қатысуға және облыстың аса өткір проблемаларын бірлесіп шешу үшін, қызықтыратын мәселелер бойынша ұсыныстар жасауға шақырды.

Жол картасы жобасы бойынша маңғыстаулық қоғам өкілдері екі апта ішінде өз ұсыныстарын бере алады.

Айта кетейік, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі еліміздің барлық өңіріндегі экологиялық проблемаларды жұртшылықпен талқылап, әрқайсына жеке Жол картасын әзірлеп жатыр.

476
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Мұнай-газ кешенінің ардагері Артелбек Жакулаевтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

Келесі жаңалық

Ыстамбұлдан келген 11 жолаушы карантиндік стационарға жатқызылды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      Байланыс мәліметтеріҚазақстан жаңалықтарыАстана - 20МұнайлыМәдениетСпортМаңғыстауЖастар бетіҚызық дерекРедакцияТағайындауанонс

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстау облысында модульдік инфекциялық аурухана ашылды

    Кеше 17:42
    114

    12 және 18 қазан аралығында облыста коронавирустан 1 адам көз жұмды

    Кеше 15:00
    57

    Бекіре тұқымдас балықты заңсыз сақтаған тұрғынға сот үкімі шықты

    19 қазан, 12:33
    168

    Маңғыстауда тағы 1 адамнан коронавирус анықталды

    19 қазан, 09:35
    121

    Армен Саакян "Бала дауысы" ән байқауының Гран-при иегері атанды

    18 қазан, 14:50
    145

    Облыста тағы 1 адамнан коронавирус анықталды

    18 қазан, 11:03
    140

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»