Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов праймеризде дауыс берді. Бұл туралы облыс әкімі өзінің фейсбук парақшасында жазды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ел тарихында ең алғаш рет ұйымдастырылып отырған партияішілік іріктеудің дауыс беру процесі жалғасуда. Мен де «Nur Otan» партиясының мүшесі ретінде PRIMARIES 2020 порталы арқылы азаматтық таңдауымды жасап, өз дауысымды бердім. Еліміздің ертеңгі жетістігі – бүгінгі тындырымды тірлік пен лайықты таңдаудың жемісі екендігін әрдайым жадымыздан шығармағанымыз абзал. Сондықтан партияластарымның барлығын www.primaries.kz порталы арқылы дауыс беріп, белсенділік танытуға шақырамын, - деп жазды аймақ басшысы
Праймериздің басты мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдерге енгізу үшін қоғамның қолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын анықтау.