Жаңаөзенде демалыс күндері карантин тәртібін бұзып, той жасағандар жазаланды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қалалық мониторингтік топ рейд кезінде бас санитардың қаулысын орындамаған 3 той мен мейрамхана иелерін анықтады. Ал тойға жиналғандардың саны 70-тен асқан.
Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысының бас санитар дәрігері Ғ.Надуевтің қаулысына сәйкес, карантин кезінде көпшілікті жинап, той-жиын жасауға тыйым салынған.