Облыстық әкімдік жанынан құрылған мониторингтік топ карантин талаптарын орындамаған кәсіпкерлік нысандарға ескерту жасады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бақылауға шыққан топ кафе, барлардағы санитарлық талаптардың сақталмағанын анықтап, нысан әкімшісіне ескерту жасады.
Естеріңізге сала кетейік, бас санитарлық дәрігердің 18 қыркүйек күні шыққан қаулысына сәйкес кафе мен мейрамханаларда дам саны 50-ден аспауы керек. Демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынған.
Ал монша, сауна, СПА орталықтарына 30 пайыздан аспайтын жағдайда демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат. Сонымен қатар сенбі, жексенбі күндері шаштараз, сұлулық салондары, фитнес орталықтар да ашық болады.
Айта кетейік, мониторингтік топ 1 қыркүйектен бері қаладағы кәсіпкерлік нысандардың жұмыстарына бақылау жүргізіп келеді.