2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толығымен іске қосылғаны белгілі. Бұл еліміздің әр азаматына қатысы бар реформа. Осы реформа аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылы 16 сәуірдегі № 173 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына» ҚР ДСМ-нің 2019 жылдың 13 желтоқсанындағы № ҚР ДСМ-149 бұйрығымен өзгертулер жасалды.
Аталған стандарттың 4-ші тарауында стационарлық деңгейде акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру мәселелері карастырылған. Осы тараудың 85 тармағымен жүкті, босанған әйелдерді және гинекологиялық аурулары бар пациенттерді стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу медициналық-санитарлық алғашқы көмек мекемелері мамандарының немесе басқа денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасы бойынша стационар дәрігерінің емдеуге жатқызу күнін айқындауымен, емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жүзеге асырылады.
Жүкті және босанатын әйелдерді босандыруға жолдама емдеуге жатқызу бюросы порталының күту парағында перинаталдық көмекті өңірлендіру деңгейі ескеріле отырып, жүктіліктің 37 аптасы мерзімінен бастап тіркеледі. Осы жолдама бойынша әйелдерді емдеуге жатқызу (перинаталдық орталық, перзентханалық бөлімшесі бар көпбейінді аурухана) босануы басталған және/немесе ұрық айналасында су кету басталған кезде босандыруға емдеуге жатқызу жүзеге асырылады. Жүкті әйелдерді жоспарлы емдеуге жатқызу ақпараттық жүйеде тіркелген сәттен бастап қалыптасады» - деп бекітілген.
Облыс көлемінде акушерлік-гинекологиялық көмек мемлекеттік мекемелерде және мемлекетттік тапсырыс орындайтын жекеменшік емдеу мекемелерінде көрсетіледі. Олардың қатарында «Сенім», «Ча-Кур», «Нейрон», «Аманат», «Көпбейінді клиника «Софи Мед групп» бар, негізгі көмектің түрі - гинекологиялық.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің заңдылықтарына сәйкес барлық жұмыс істемейтін жүкті әйелдерді және 3 жасқа дейінгі бала күтіміндегі тұлғаларды медициналық сақтандаруды мемлекет өз мойнынына алған. Жұмыс жасаушылар жұмыс берушімен сақтандырылады.
Жоғарыда көрсетілген Стандартқа сәйкес, жүкті және босанатын әйелдерді босандыруға жатқызу Емдеуге жатқызу бюросы порталы жолдамасы арқылы жүзеге асырылады және емделу қаржысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан беріледі. Босанушы сақтандырылмаған жағдайларда медициналык көмек кепілдік берілген тегін медициналық көмек аясында жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау жүйесінде реформа басталғалы облыс бойынша тәуліктік стационарларда 20910 пациентке акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетілген, оның 16847 пациенті (80,5%) босанушылар, 4063 пациенті гинекологиялық көмек алушылар қатарынан болды. (19,5%). Жасөспірімдер арасында тіркелген жүктілік саны 133.
Өңірлендіру деңгейлері бойынша:
І-ші деңгей (аудандық ауруханалар) - 1483;
ІІ-ші деңгей (қалалық перзентханалар)-8334;
ІІІ-ші деңгей (облыстық орталық) - 7030.
18817 пациент облыстық және қалалық деңгейдегі стационарларда емделген (89,9 %).
Акушерлік-гинекологиялық көмек алған 11360 пациент ауыл тұрғындары (55,1%).
Жүкті әйелдерді босандыру үшін, перинаталдық көмекті өңірлендіру деңгейі ескеріле отырып, жүктіліктің 37 аптасы мерзімінен бастап медициналық-санитарлық алғашқы көмек мекемелері (емханалар) стационарға жолдаманы Емдеуге жатқызу бюросы порталының күту парағына тіркейді. Босану, жүкті әйелдерді сауықтыру жұмыстары 80-90% жағдайда жоспарлы түрде жүргізілуге жатады және қаржыландыру көзі міндетті әлеуметтік медициналық қорынан беріледі. Әрбір жүкті әйел өзінің медициналық статусын білуге міндетті.
"Республикалық-электрондық денсаулық сақтау орталығы" РМК-ның Маңғыстау облыстық филиалы