"Мектепке жол" кезекті акциясын Жаңаөзен қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды. Бұл жолы полицейлер үш отбасына қайырымдылық көмек көрсетті, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
- Біз "Мектепке жол" акциясына белсенді қатысамыз. Осы жылы да мектепке баратын балалары бар отбасыларға көмектескіміз келеді, — деп атап өтті полиция қызметкерлері. Тәртіп сақшылары оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтап, бірінші сынып оқушыларына сәттілік тіледі. Балаларға оқу үшін қажетті барлық заттар берілді: рюкзактар, дәптерлер, формалар, бәтеңкелер және т. б.
Бала қауіпсіздігі мәселесінің маңызы зор. Әр ата-ана баласының қауіпсіз ортада өмір сүріп, дені сау, білім-білігі мол саналы ұрпақ болғанын қалайды.
«Мектепке жол» акциясы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған, - деді Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мақсат Дайханбаев.