Бұл туралы Құрық ауылының әкімі Ғабит Салихов айтты. Оның айтуынша, жоба құны – 2 000 000 теңгені құрайды.
«Теңізшевройл» ЖШС-нің демеушілігімен және «Орталық Азия Еуразия Қорының» ұйымдастыруымен 2019 жылдың қараша айынан бастап Қарақия ауданы, Құрық ауылының тұрғындарына арналған «Қоғамдық кеңістіктер» әлеуметтік жобасы өз жұмысын бастады. Аталған жоба аясында «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы» жобасын Құрық ауылы, №11 орта мектебі ұтып алып, нәтижесінде мектеп жанынан жасөспірімдер мен балаларға арналған спорттық оқу-жаттығу алаңы бой көтерді.
«Құрық ауылының №11 орта мектебі» «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы» шағын жоба жеңімпазы атанып, 2020 жылдың ақпан айында өз жұмысын бастады. Карантин жағдайы жоба жұмыстарына әсер етті. Дегенмен, қаржы бөлген мекеме тарапынан жобаның мерзімі ұзартылып, қосымша уақыт беріліп, жоба уақытында аяқталды. Енді оқушылар әр түрлі спорттық жаттығулармен шұғылданып, жаттығу жасап, бой сергіте алады”, деді Ғабит Салихов.